Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинетінің «Ташкент қалалық балалардың көпсалалы ауруханасын ұйымдастыру туралы» қаулысы қабылданды.
Қаулыға сәйкес, коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарды емдеуге арналған арнайы Зенгіата №2 ауруханасының бос тұрған ғимараты мен кешендерін тиімді пайдалану және 18 жасқа дейінгі балалар үшін заманалық, жоғары технологиялық, мамандандырылған медициналық көмек көрсету жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында Ташкент қала әкімдігінің «Ташкент» МАЖ Жаңа айналма жолы мекен жайында орналасқан «Зенгіата-2» ауруханасының орнына Мемлекет бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме ретінде 500 орынға арналған Ташкент қалалық балалар көп тармақты ауруханасы ұйымдастырылады.
Аурухананың негізгі міндеттері:
— 18 жасқа дейінгі балаларды қажетті медициналық тексеруден өткізу, оларға жоғары білікті медициналық-консультациялық және мамандандырылған стационарлық көмек көрсету;
— аудандық медициналық бірлестіктерге практикалық және әдістемелік көмек көрсету;
— Ташкент қаласының медициналық мекемелерінің тәжірибесіне заманауи медициналық технологиялары мен басқару әдістерін енгізуге көмектесу;
— медициналық кадрларды даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға қатысу.
2024 жылдың 1 сентябріне дейін Балалар ауруханасының ғимараты мен кешендерінде қажетті құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіліп, балаларға медициналық көмек көрсетуге бейімделеді.