Науаи тағы бір кәсіпорнын іске қосылды

    Билік 25 Noyabr 2022 9769

    Мемлекет басшысының Науаи облысына сапары барысында «Зарафшан айна» кәсіпорнының іске қосылуына арналған салтанатты шара өтті.

    Өнеркәсіпте, құрылыста, тұрмыста кеңінен қолданылатын бұйымдардың бірі шыны екені белгілі. Атап айтқанда, Өзбекстанда құрылыс шынысына деген сұраныс жылына 38 млн шаршы метрді құрайды. Науаи аймағы сәндік тас, кварц құмы, базальт және каолин қорларына бай.

    Осыған орай, Мемлекет басшысы 2018 жылы облысқа жасаған сапары барысында айна өндірісін жолға қоюды тапсырған болатын. Бүгінгі күнде 250 миллион долларлық осы жоба іске қосылды.

    Президент Шавкат Мирзияев символикалық түймені басып, «Зарафшан айна» кәсіпорнын іске қосты.

    – Осы уақытқа дейін мұндай кәсіпорындар Ферғана мен Жызақта болған. Міне, олардың қатарын сан алуан өнім шығаруға маманданған жаңа «Зарафшан айна» кәсіпорны толықтыруда. Ол алдағы уақытта одан әрі дамып, халқымызға қызмет етеді деп сенеміз, – деді Шавкат Мирзияев.

    Кәсіпорынның жылдық өндірістік қуаты 12 млн шаршы метрді құрайды. Өнімдер импорттың орынын алмастыруға, сондай-ақ экспортқа шығаруға жоспарланған. Мұнда 700 адам жұмыспен қамтылған.

    Бүгінгі шарада Ғазғон қаласындағы «Мармарабад» кәсіпорны мен бейне байланыс арқылы хабарласылды. Ол мәрмәр мен гранитті тастарды өндіруге және өңдеуге маманданған кәсіпорын. Қытай мен Ираннан құрал-жабдықтар әкелініп, инженерлер мен мамандар тартылды. Қазірде 300 адам жұмыспен қамтылған.

    Мемлекет басшысы Науаи қаласындағы «Hydro Stanko Servis» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметімен танысты.

    Науаи облысы өнеркәсібі дамыған аймақ. Мұнда көптеген тау-кен, металлургия, химия, энергетика кәсіпорындары бар. Жалпы, Өзбекстанның өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығына олар үшін техника өнімдері қашанда қажет.

    «Hydro Stanko Servis» дәл осыларды шығарады. Мұнда кооперация арқылы 100-ден астам құрылғы мен мыңнан астам қосалқы бөлшектер локализацияланған. Нәтижесінде 2021 жылы 12 миллион доллардан астам валюта үнемдеуге қол жеткізілген. Биылғы жылдың соңына дейін өнім көлемі 23 миллион долларды құрайды деп күтілуде.

    Кәсіпорынға жабдықтар Германия, Түркия, Италия және Қытайдан әкелінді. 370 адам жұмыспен қамтылған.

    Бүгінде кәсіпорында құю цехын құрып, өнім түрлерін көбейту жұмыстары жүргізілуде.

    Мемлекет басшысы шенеуніктерге жергіліктендіру деңгейін арттыру жөнінде тапсырмалар берді.

    Бүгiнгi күнде Науаи облысында жергiлiктiлiк ету бағдарламасы аясында құны 1 триллион сумға жуық 113 жоба жүзеге асырылуда. Осының нәтижесінде биыл импортты 100 миллион долларға қысқартуға қол жеткізіледі.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates