Президент Намангандағы зергерлік бұйымдар жасайтын кәсіпорынның жұмысымен танысты

    Билік 25 Mart 2024 1793

    Президент Шавкат Мирзиёев 25 наурызда Наманган облысына барды.

    Мемлекет басшысы алдымен Жаңа Наманган ауданындағы «Гавхар груп» кәсіпорнында болды. Бұл кәсіпорн өнеркәсіптік жолмен жылына 1200 келі зергерлік бұйымдарды шығаруға мүмкіндіге ие.

    Өзбекстанның зергерлік бұйымдары ежелден танымал. Атап айтқанда, Наманган қаласында «қолы шебер» әулеттер болған. Бірақ жағдайдың жеткіліксіздігі мен шикізатты сатып алудағы қиындықтардың салдарынан көптеген зергерлер өз қызметін тоқтатқан еді. Олар заттарды үнемі қолмен жасайтын.

    Мемлекет басшысының 2019 жыл 18 мамырдағы «Өзбекстан Республикасында зергерлік өнеркәсібін жедел дамыту шаралары туралы» қаулысы сала өкілдеріне кең мүмкіндіктер ашты. Атап айтқанда, зергерлік бұйымдарды өндірушілерге тау-кен металлургия кәсіпорындары мен тұрғындардан асыл металдардың сынықтарын, асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды сатып алу құқығы берілді. Шетелден технологиялар мен мамандарды әкелу қолдау тапты.

    Осындай ілтипат пен мүмкіндік зергерлік бұйымдармен айналысатын кәсіпкерлерге сенім ұялатты. «Гавхар груп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі де осылай құрылған. Заманауи қондырғылар Түркия, Италия, АҚШ және Германиядан әкелініп, 2022 жылы пайдалануға берілді.

    Бүгінде кәсіпорын 10 мың түрлі дизайндағы зергерлік бұйымдарды шығаруды игерген. Шет елдермен бірлесе отырып, қол сағаттарының алтын қорабын дайындау қолға алынған. 2023 жылы 270 келі өнім өндірілген.

    Сондай-ақ, 3D модельдеу арқылы кез келген түрдегі бұйымдарды тапсырыс бойынша жасауға болады.

    Тауар биржасынан төлемді кешіктіріп төлеу шарты негізінде алтынды сатып алу мүмкіндігі айналым қаражаты мен өнімділіктің маңызды факторы болып табылады.

    Тағы бір маңызды жайт, кәсіпорын жергілікті зергерлермен ынтымақтастық орнатқан. Нәтижесінде жасырын жұмыс істегендер «көлеңкеден» шықты, жұмыс орындары көбейді. Кәсіпорында 100-ден астам адам жұмыспен қамтылған. Бұл жерде жастарға кәсіп те үйретіледі.

    Мемлекет басшысы кәсіпорында еңбек ететін зергерлермен әңгімелесті.

    – Елімізде жылына 100 тонна алтын өндіреміз. Оны зергерлерге бөліп төлеу шартымен сатуға рұқсат етіледі. Ашығын айтқанда, мұндай мүмкіндік ешбір елде жоқ. Алайда, елімізде алтынның 6 пайызы ғана өңделеді. Алтын өндірмейтін елдер бізден артық экспорттауда. Бұл салада біраз кешігіп қалдық. Сондықтан өндіріске қосымша жағдай жасап жатырмыз. Бұл бастамасы ғана. Біз саланы одан әрі дамытамыз, – деді Шавкат Мирзиёев.

    Осы жерді түркиялық бизнесмендерімен тәжірибе алмасу, саладағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша диалог жүргізілді.

    Мемлекет басшысы осындағы «Мехмаш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өнімдерін де аралап көрді.

    Бұл кәсіпорынның жылына 20 мың тонна шеге және 18 мың тонна қағаз орамын өндіру, 6 миллион доллар экспорттық қуатқа ие. 700 адам жұмыспен қамтылған.

    Нарық сұранысын ескере отырып, автомобиль өнеркәсібінде қолданылатын бекітпе бұйымдарының көлемін және экспортын ұлғайту, жұмыс орындарын көбейту жоспары бойынша тапсырмалар берілді.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates