Олий Мажлис Сенатының осы мәселе бойынша қабылдаған қаулысына сәйкес, Акрам Шукуров судья лауазымында мерзімсіз кезеңге, соның ішінде бес жыл мерзімге Өзбекстан Республикасы Жоғарғы соты төрағасының орынбасары – сот алқасының төрағасы етіп сайланды.

Сондай-ақ, Баходир Абдуллаев, Собиржон Эргашев, Бегзод Хайдаров, Нозимжон Жураев он жыл мерзімге, ал Акмал Муродов пен Одил Нормахматов судья лауазымында мерзімсіз кезеңге Өзбекстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы қызметіне сайланды.

Басқа жұмысқа ауысуына байланысты Дилшод Ражабов, Камолиддин Толлибаев, Анвар Элмуродов, Элбекжон Тургунбоев Өзбекстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы қызметінен босатылды.