Аталған ереже
Өзбекстан аумағында өз фильмдерін түсіретін шетелдік кинокомпанияларға
шығындарының бір бөлігін өтеу («rebate») тәртібін белгілейді.
Ережеге сәйкес,
Өзбекстан аумағында өз фильмдерін түсіру кезінде өтелетін шығындар суммасы:
3 млрд сумға дейін болса – 10 пайыз;
3 млрд сумнан 5 млрд сумға дейін болса – 15 пайыз;
5 млрд сумнан 10 млрд сумға дейін болса – 20 пайыз;
10 млрд сумнан асса – 25 пайыз, алайда бір фильм үшін
өтемақы көлемі 4 млрд сумнан аспаған
мөлшерде өтеліп беріледі.
Өтініш беруші
«rebate» бағдарламасына қатысу үшін белгіленген платформа арқылы электрондық
өтініш береді.
Өтініш беруші
Өзбекстан аумағындағы түсірілім жұмыстары аяқталғаннан кейін, жұмсалған
шығындарды растайтын құжаттарды 60 күн ішінде платформаға жүктеуі тиіс.
Комиссия шығындардың
«rebate» бағдарламасының талаптарына сәйкестігі туралы қорытындыны 15 жұмыс
күні ішінде әзірлейді.
«Rebate» бағдарламасы
бойынша шығындардың бір бөлігі Комиссияның оң шешіміне сәйкес 5 жұмыс күні
ішінде шетелдік кинокомпанияның есепшотына аударылады.