Британияның белгілі тележүргізуші әрі тарихшысы «Өзбекстан қазыналары» фильмінің жобасымен айналысуда.

    Мәдениет 11 Mart 2024 1395

    Ұлыбританияның Өзбекстандағы елшілігінде белгілі тарихшы, жазушы әрі тележүргізушісі, «SandStone Global» ұйымының шығармашылық директоры Беттани Хьюзбен кездесу өтті.

    Беттани Хьюз Дүниежүзілік туризм ұйымы (UNWTO) Бас Ассамблеясының 25-сессиясы аясында Өзбекстанға келген. Ол «Болиголов кесесі»: Сократ, Афина және жақсы өмірді іздеу», («The Hemlock Cup: Socrates, Athens and the Search for the Good Life»), «Стамбул: Үш қала туралы ертегі» («Istanbul: A Tale of Three Cities»), «Венера мен Афродита» («Venus and Aphrodite») сияқты шығармалардың авторы саналады.

    Беттани Хьюздың айтуынша, қазір ол шығармашылық тобымен бірге «Өзбекстан қазыналары» («Treasures of Uzbekistan») тақырыбында үлкен жобаны қолға алған.

    Бұл жоба аясында Өзбекстанның көне жерлері мен елдің туристік әлеуетін көрсететін фильмдер түсіріледі. Бұл өз кезегінде, еліміздің туристік әлеуетін бүкіл әлемде одан әрі насихаттауға ықпал етеді деп күтілуде.

    Тараптар арасында тиісті келісім-шартқа қол қойылғаннан кейін шығармашылық топ үстіміздегі жылдың май айында түсірілім жұмыстарын бастайды, деп хабарлайды «Дунё» АА.

    Мәлімет ретінде, “StandStone Global” ұйымы бүкіл әлемдегі тарихи орындарға қатысты жоғары әсерлі фильмдерді түсіреді. Ұйым түсірген фильмдер National Geographic Channel, SBS, BBC, ITVBe және басқа да көптеген беделді желілерде мерзімді түрде көрсетіледі. “StandStone Global” тарапынан тарихи орындарға қатысты фильмдері Испания, Португалия, Венгрия, Түркия, Польша, Үндістан, Малайзия, Индонезия, Әзербайжан, Грузия және басқа елдерде түсірілген.