«Узгидромет» мәліметіне орай, кейбір күндері Қарақалпақстан Республикасы
мен Хорезм облысында, ал 10–11 қыркүйек күндері Бұхара және Науаи облыстарының
кей жерлерінде қысқа мерзімді жаңбыр жаууы мүмкін.
Апта бойы
ауа температурасы түнде 15–20 градус, күндіз 32–37 градус шамасында болады.
Республиканың солтүстік-батысында күндізгі температура 30–33 градустан 25–28
градусқа дейін төмендейді.
7 және 11
қыркүйек күндері республиканың таулы аймақтарының кей жерлерінде де қысқа
мерзімді жаңбыр жаууы мүмкін.
Жел
секундына 7–12 метр жылдамдықпен соғады. 8–10 қыркүйек күндері солтүстік және
шөлді аймақтарда, ал 11 қыркүйекте республика бойынша кей жерлерде желдің
жылдамдығы секундына 13–18 метрге дейін күшеюі мүмкін. Кейбір өңірлерде қатты
жел шаңды дауылмен қатар жүреді.
Ташкентте
апта бойы ауа райы аздап
бұлтты, уақыт-уақытымен өзгермелі болады, жауын-шашын
күтілмейді. Түнде ауа температурасы 17–20 градус, ал күндіз 32–34 градустан
35–37 градусқа дейін біртіндеп көтеріледі.