Бүгінгі таңда бұл бастама жай ғана жоба емес, жүйелі жұмыстың бір бөлігіне айналды: пилоттық кезеңде жоба республиканың 28 аумағында (ауданында) сынақтан өткізілді. Осының аясында 440 волонтер халыққа жалпы 2000 сағаттан астам көмек көрсетті, бұл әлеуметтік волонтерлікті дамытудың өзектілігі мен тиімділігін дәлелдеді.

Оқу үдерістері 250 волонтерді қамтып, іс жүзіндік көмек көрсетуге, халықпен жұмыс істеуге және жетекшілік дағдыларын дамытуға бағытталған.

«Осындай адамдар арқылы қоғамда жаңа қамқорлық мәдениеті қалыптасып жатқанына сенімдімін. Сол себепті біз волонтерлер қауымдастығын әлеуметтік қорғау жүйесінің маңызды бөлігі ретінде дамытып жатырмыз», — деп атап өтті Агенттік директорының бірінші орынбасары Шахноза Мирзияева.

«Инсон» волонтерлері реформалар мен халық өмірінің арасындағы байланыстырушы көпірге айналуда. Бұл әлеуметтік қорғау жүйесін әрбір адамға бұрынғыдан да жақын ету жолындағы тағы бір маңызды қадам.