- кәсіпкерлер тарапынан Өзбекстан аумағына әкелінетін республикада өндiрiлмейтiн мынадай тауарлар кеден баждарын төлеуден босатылады:

- қонақ үйлер мен басқа орналастыру құралдары, сауда-ойын-сауық кешендерін салуға, реконструкциялауға және жабдықтауға арналған аспап қондырғылар, техника, шикізат, қосалқы бұйымдар,  қажетті бөлшектер, мебель жиһаздар мен инвентарлар, құрылыс материалдары және тағы басқа да материалдар;

- шомылу әуіздері (бассейн) және аквапарктерге арналған аспап-құралдар, жабдықтар, турникеттер, төлем-ақпараттық терминалдар, бейнебақылау жүйелері, жаңа заманауи энергия үнемдеу жүйелері мен аквапарктерге арналған арнайы су тазарту сүзгілері;

- туризм  орталықтарында орналасқан зергерлік бұйымдар мен алтын бұйымдарының бөлшек сауда дүкендерінің қызметін ұйымдастыру үшін қажетті құрылыс (қайта құру және жаңғырту) материалдары, құрал-жабдықтар мен технологиялар;

Мойнақ және Замин әуежайларына рейстерді жүзеге асыру кезінде 23 жасқа дейінгі жастарға, жасына байланысты зейнетақы мен жәрдемақы алушыларға, мүгедектігі болған тұлғалар үшін әуежолаушылар билеттерін сату 50 пайыздық жеңілдік тарифтер бойынша жүзеге асырылады және  жолаушыларды тасымалдайтын компаниялардың осы жеңілдікті ұсынуға байланысты қаражаттары бюджет есебінен өтеледі.

Қонақ үй және туристік қызметтерді көрсету бойынша мемлекет активтерін сатуға шығар кезінде сатып алу төлемдерін, мөлшерінен тыс, 5 жылға дейін бөліп төлеуге мүмкіндігі көзделінген, сондай-ақ үш айдан астам мерзім сатылмай тұрған активтердің бастапқы бағасын 30 пайызға төмендету, қажетті жағдайларда, баланс (қалдық) құнында сату іс-шаралары қарастырылады, деп хабарлайды Әділет тинистрлігінің баспасөз қызметі.