Жобалау алдындағы құжаттарды әзірлеу үшін техникалық тапсырмаларды кешенді сараптамадан өткізу тәжірибесі жойылады.

Биологиялық белсенді қоспалар мен косметикалық құралдарды өндіруші кәсіпорындар өз қажеттіліктері үшін әкелетін, Өзбекстанда өндірілмейтін тауарлар кедендік баждардан босатылады.

Шетел азаматтары Өзбекстан аумағынан шығу кезінде бұрын сатып алынған тауарлар үшін төленген ҚҚС сумасын өз қалауы бойынша қолма-қол ақша түрінде қайтарып ала алады.

Республиканың барлық халықаралық әуежайларында шетел азаматтарына ҚҚС қайтару жүйесі енгізіледі.

«Tax free» жүйесі қолданылатын тауарлардың шектеулі тізімі (азық-түлік өнімдерін қоспағанда) жойылады.

Сәйкестікті бағалау саласында кәсіпкерлік субъектілеріне келесі жеңілдіктер енгізіледі:

– аккредитация саласында көрсетілген ақылы қызметтерден түсетін түсімдерден аударымдар 2,5 есеге азайтылады;

– кәсіпкерлік субъектілері екі немесе одан да көп аккредитациядан өткен жағдайда, сәйкестікті бағалау қызметтері жолға қойылған  салада мемлекеттік органдар мен ұйымдар тарапынан сынақ зертханалары мен сертификаттау органдарын құруға жол берілмейді;

– ветеринария, өсімдіктер карантині, санитария және сәйкестікті бағалау саласындағы мамандардың біліктілігін арттыруда оқу бағдарламасы мен білім беру ұйымын өз бетінше таңдау мүмкіндігі беріледі.

Мемлекеттік органдары, ұйымдар және мемлекет қатысатын кәсіпорындар өз саласындағы шешімін талап ететін өзекті  мәселелер бойынша:

– краудсорсинг электрондық платформасында хабарландыру жариялап, байқау ұйымдастырады;

– ай сайын стартап бастамашыларымен кездесулер («Стартап күні») өткізіледі.

Төмендегілер үшін төлемдер тек банк карталары немесе электрондық төлем жүйелері арқылы жүзеге асырылады:

– мемлекеттік органдар тарапынан көрсетілетін қызметтер үшін;

– электр энергиясы, табиғи газ, ауыз су үшін (банк кассалары арқылы төлемдерден басқа);

– алкоголь және темекі өнімдері үшін;

–  көліктерге жанармай құю бекеттері арқылы мұнай-газ өнімдерін сату және электр көліктерін зарядтау қызметтері үшін;

– құны 25 миллион сумнан асатын тауарлар мен қызметтер үшін (ауыл шаруашылығы өнімдерінен басқа);

– жылжымайтын мүлік, өндірілгеніне 10 жылдан аспаған M, N, O және G санатындағы көлік құралдары мен арнайы автокөліктерді сатып алу-сату кезінде.

Төмендегілер күшіне енеді:

– жылжымайтын мүлік және көлік құралдарын сатып алу-сату шарттары бойынша есеп айырысулар үшін нотариустар мен банктер арасындағы электрондық мәлімет алмасу тәртібі туралы ереже;

Нотариус болуға үміткерлер үшін бірыңғай байқау өткізу тәртібі туралы ереже;

Шалғай және нотариусқа сұраныс төмен өңірлерде мемлекеттік нотариусты Жоғары біліктілік комиссиясының сұхбат негізінде тағайындау тәртібі туралы ереже;

Нотариус болуға үміткерлер үшін Әділет министрлігі жанындағы заң кадрларын қайта даярлау және біліктілігін арттыру институтында міндетті оқу курстарын ұйымдастыру тәртібі туралы ереже.

Мектепке дейінгі біліммен қамту 80%-дан төмен аудан-қалаларда (Ташкент қаласынан басқа) кәсіпкерлерге мектепке дейінгі және жалпы білм беретін метептердің бос жерлерінде мемлекеттік-жеке серіктестік шарттары негізінде  мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын ашуға рұқсат беріледі.

Мемлекеттік сатып алуларда шетелдік жеткізушілермен қатар жергілікті өндірушілер қатысқанда, оларға ең төмен импорт бағасына қатысты келесі мөлшерде баға преференциясы беріледі:

– үш және одан көп жергілікті өндіруші болса — 15%;

– екі өндіруші болса — 12%;

– бір өндіруші болса — 8%.

Өзбек тілін кемінде В1 деңгейінде білетінін растайтын сертификаты бар шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар Өзбекстан азаматтығын алу кезінде тіл емтиханынан босатылады.

Экология, қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін заңды тұлғаларға қаржылық санкциялар қолдану тәртібі енгізіледі.

Орман қорына кірмейтін, ағашпен көмкерілген елді мекендердегі жерлерді алып қоюға және басқа мақсаттарға беруге қоғамдық тыйым бастамасын енгізу мүмкіндігі жасалады.

Мемлекеттік медициналық мекемелер 5 күндік жұмыс аптасына көшеді.

 

Арнайы автоматтандырылған фото және бейне тіркеу жүйелері арқылы тіркелген жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін де айыппұл балдары есептеледі.

Айыппұл балдарын көлік иесі мен сол көлікті пайдаланатын адам басқа жүргізушілер арасында бөлу тәртібі енгізіледі.