Бұл туралы Бахрейн Ішкі істер министрлігі хабарлады.

Министрлік мәлімдемесінде аталған азаматтар Иран шабуылдарына жанашырлық танытып, оларды құптағаны айтылған.

28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы әскери операция бастады, бірнеше қалаға соққы жасады. Бұл операция Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне, барлық Парсы шығанағы елдерінің қақтығысқа тартылуына және Ормуз бұғазының жабылуына алып келді.

Иран, АҚШ және оның одақтастары 2026 жылғы 8 сәуірге қараған түні бітімге келді, кейіннен АҚШ Президенті Дональд Трамп оны белгісіз мерзімге ұзартты.

11–12 сәуір күндері Пәкістанның делдалдығымен Исламабадта Иран мен АҚШ арасында келіссөздер өтті. Ұзақ келіссөздерден кейін тараптар келісімге келмей, кездесуді аяқтады, деп хабарлайды report.az.

БАҚ мәліметтеріне сәйкес, Иран мен АҚШ арасындағы келіссөздердің тағы бір кезеңі 27 сәуір күні Исламабадта өтуі жоспарланған еді, бұл ақпаратты Ақ үй растады. АҚШ Президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф және Президенттің күйеу баласы Джаред Кушнер сенбі күні Исламабадқа ұшып баруы тиіс болған, алайда бұған аз уақыт қалғанда Трамп өз өкілдерінің Пәкістанға сапарын тоқтатқанын мәлімдеді.