Қаулыға орай, 2026/2027 оқу жылынан бастап В+ және одан жоғары дәрежедегі ұлттық сертификаты бар, бастауыш сыныптарда сабақ беретін бастауыш білім беру мамандығының мұғалімдеріне:
Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен, сертификаттың қолданылу мерзімі барысында, тиісті білім беру тіліне сәйкес барлық пәндер бойынша лауазымдық жалақысына ай сайын 15 пайыз мөлшерінде қосымша үстемеақы төленеді.
Ережеге орай, Білім мен дағдыларды бағалау агенттігі осы саладағы өкілетті орган болып табылады.
Біліктілік емтиханына қатысу үшін талапкерден тіркелу кезінде өтініш берілген күнгі базалық есептік мөлшердің (БЕМ) 1,5 есесі мөлшерінде төлем алынады.
Біліктілік емтиханының нәтижелері халықаралық Раш моделі әдістемесі негізінде есептеледі. Осыған орай:
70 балдан жоғары балл алған талапкерге – A+ дәрежедегі;
65–69,9 балл алған талапкерге – A дәрежедегі;
60–64,9 балл алған талапкерге – B+ дәрежедегі;
55–59,9 балл алған талапкерге – B дәрежедегі;
50–54,9 балл алған талапкерге – C+ дәрежедегі;
46–49,9 балл алған талапкерге – C дәрежедгі сертификат беріледі.
Талапкердің бастауыш сыныптардағы тиісті пәндердің мазмұны шеңберіндегі білім деңгейі, оқыту әдістемесі және педагогикалық шеберлігі тест сынақтары арқылы бағаланады.
Талапкер сертификат алу мақсатында біліктілік емтиханына қатысу үшін БИМҚП (my.gov.uz) арқылы электрондық формада өтініш беріп, тіркеуден өтеді.

Біліктілік емтиханынан сәтті өткен талапкерлерге 1 жұмыс күні ішінде QR-коды бар сертификаттың электрондық нұсқасы БИМҚП (my.gov.uz) арқылы жіберіледі.
Талапкер біліктілік емтиханының нәтижелері жарияланған күннен бастап 3 күн ішінде БИМҚП (my.gov.uz) арқылы уәкілетті органға апелляциялық шағым беруге құқылы.
Сондай-ақ, 2026/2027 оқу жылынан бастап құқықтану пәні бойынша білім деңгейін анықтау және ұлттық сертификат беру тәртібі енгізілетіні белгіленді.