Ережеге сәйкес, шетел азаматы арнайы салық режимін алу үшін БТМҚП (my.gov.uz), Электронды салық қызметтері порталы немесе Мемлекеттік қызмет көрсету орталықтары арқылы өтініш береді. Өтінішке төмендегі құжаттар қоса тіркеледі:

шетелдік паспорттың көшірмесі;

Өзбекстанда болу мерзімін растайтын құжат (виза немесе өзге құжаттар).

Салық комитеті Арнайы салық режимін ұсыну жөніндегі комиссияның өтінішті қарау нәтижесі бойынша қорытынды 1 жұмыс күні ішінде шетел азаматына хабарлама жібереді.

Оң қорытынды туралы хабарлама алған шетел азаматы банк шотын немесе крипто әмиян ашады және 50 мың АҚШ доллары көлеміндегі арнайы алымды төлейді.

Арнайы салық режимі белгіленген талаптарды орындаған шетел азаматтарына және олардың кәмелетке толған жақын туыстарына өтініште көрсетілген салық кезеңі үшін, бірақ 5 жылдан аспайтын мерзімге беріледі.