Комитетке теледидар көрермендерінен кейбір жарнамалық блоктардың дыбысы телебағдарламалардың дыбысынан едәуір жоғары екені туралы өтініштер келіп түсуде.

Қолданыстағы «Жарнама туралы» Заңның 27-бабына орай, жарнаманың және жарнама туралы анонстың дыбыс деңгейі жарнамамен үзіліп көрсетілген телебағдарламаның немесе телехабардың дыбыс деңгейінен жоғары болмауы тиіс.

Бәсекелестік комитеті аталған талаптардың сақталуын бақылап отырады. Қажет болған жағдайда жарнама дыбысының белгіленген нормаларға сәйкестігі арнайы техникалық құралдардың көмегімен тексеріледі.

Заңнама талаптарын бұза отырып жарнама тарату белгіленген тәртіппен жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін.

Комитет телеарналарды, жарнама агенттіктерін және жарнама таратушыларды заңнама талаптарын қатаң сақтауға шақырды.