Атап айтқанда, 2026 жылдың қаңтар–қыркүйек айларында Мемлекеттік медициналық сақтандыру қоры есебінен халыққа кепілдендірілген медициналық көмек көрсету үшін жалпы 26,6 трлн сум қаражат бөлінді.

Бұл қаражаттың негізгі бөлігі, яғни 25,5 трлн сумы емханалар, ауруханалар және жедел медициналық жәрдем қызметтерін қаржыландыруға жұмсалды.

Сонымен қатар, 886 млрд сум жоғары технологиялық және мамандандырылған медициналық қызметтерге, ал 248 млрд сум Реимбурсация бағдарламасы аясында тұрғындарды тегін дәрілік заттармен қамтамасыз етуге бағытталды.

Ағымдағы жылдың 9 айында емханаларда азаматтарға 176,8 млн рет тегін медициналық тексеру және кеңес беру қызметтері көрсетілді. Сонымен бірге, 3,4 млн науқас ауруханаларда жатып емделсе, тағы 1,3 млн науқас күндізгі стационарларда ем қабылдады.

Осы кезеңде жедел медициналық жәрдем қызметіне жалпы 9,4 млн шақырту түсті. Бұл жедел медициналық жәрдем қызметіне күніне орта есеппен 34,5 мың рет жүгінгенін білдіреді.

Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.