Ал бұл
құжатты рәсімдеу тәртібі қандай? Ол жоғалған, бүлінген немесе жарамсыз болып
қалған жағдайда ауыстырылып беріле ме? Ваучер қандай жағдайларда күшін жояды?
Бұл
мәселелердің құқықтық негіздері Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 16
маусымдағы 195-санды бұйрығымен бекітілген Ваучерді рәсімдеу, беру,
ауыстыру және күшін жою тәртібінде белгіленген.
Құжатқа
сәйкес, науқасқа берілген ваучердің нөмірі аудандық (қалалық) көпсалалы орталық
поликлиникалар (аудандық (қалалық) консультациялық-диагностикалық бөлімдер)
тарапынан белгіленген тәртіппен электрондық жүйеге енгізіледі және науқастың
ЖТСН (Жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі) мен тиісті кодқа тіркеледі.
Егер
ваучер жоғалса, бүлінсе, ондағы мәліметтер оқылмайтын жағдайға келсе немесе
басқа да себептермен оны пайдалану мүмкін болмаса, науқас немесе оның заңды
өкілі аудандық (қалалық) көпсалалы орталық поликлиникалық (аудандық (қалалық)
консультациялық-диагностикалық бөлімге) немесе өкілетті органға жүгінеді.
Жауапты
қызметкер ақпараттық модуль арқылы пациент туралы мәліметтерді тексереді және
ваучердің түпнұсқалығын әрі оның пайдаланылған-пайдаланылмағанын анықтайды.
Егер
ваучер бойынша медициналық қызметтер көрсетілмегені расталса, аудандық
(қалалық) көпсалалы орталық поликлиникалардың (аудандық (қалалық)
консультациялық-диагностикалық бөлімнің) жауапты қызметкері аудандық (қалалық)
деңгейдегі басшылыққа, ал олар ресми түрде Қарақалпақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігіне және аумақтық денсаулық сақтау басқармаларына жүгінеді.
Қарақалпақстан
Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен аумақтық денсаулық сақтау
басқармалары өз кезегінде Денсаулық сақтау министрлігінің Емдеу-профилактикалық
көмекті ұйымдастыру департаментіне ресми түрде өтініш жолдайды. Осыдан кейін
министрлік бұрын берілген ваучердің күшін жояды және пациентке қайта
рәсімделген ваучер береді.
Қайта
рәсімделген ваучер бұрынғы ваучермен бірдей заңды күшке ие болады. Онда оның
қайта рәсімделгені туралы белгі және бұрынғы ваучердің сәйкестендіру нөмірі
көрсетіледі.
Егер
ваучердегі мәліметтердің қате енгізілгені анықталса, қате рәсімделген ваучердің
күші жойылып, түзетілген мәліметтер негізінде жаңа ваучер қалыптастырылады.
Наунауқасқа қатысты медициналық
тексеру, емдеу немесе хирургиялық операция толық көлемде жүргізілген жағдайда,
аталған ваучер орындалған болып есептеледі және қайта ваучер рәсімделмейді.