БЕЛТА агенттігінің France 24 басылымына сілтеме жасап хабарлауынша, тиісті мәліметтерді Еуропаның Copernicus климаттық мониторингі қызметі ұсынған.
Қыркүйек айында Дүниежүзілік мұхит бетінің орташа температурасы 21,05 градусты құрады. Бұл 2023 жылы тіркелген қыркүйек айындағы алдыңғы рекордтан жоғары. Онда бұл көрсеткіш 20,92 градусқа жеткен болатын.
Метеорологтар рекордтық жылынудың негізгі себебі ретінде 2026 жылы қарқындылығы жоғарылаған табиғи климаттық құбылыс — Эль-Ниньоның күшеюін атап көрсетіп отыр.
Синоптиктер бірнеше айдан бері биылғы Эль-Ниньо бақылау тарихындағы ең күшті құбылысқа айналуы мүмкін екенін ескертіп келеді.
Copernicus қызметінің бағалауынша, қыркүйектегі көрсеткіштер бұл құбылыстың әлі шарықтау шегіне жетпегенін көрсеткенімен, Эль-Ниньоның өте күшті жүріп жатқанын аңғартады. Бұл туралы Kazinform хабарлады.
Эль-Ниньо Тынық мұхитының экваторлық бөлігіндегі су беті температурасының көтерілуімен байланысты. Ол әлемнің әртүрлі аймақтарындағы ауа райы жағдайына әсер етеді. Бұл құбылыс құрғақшылық пен су тасқыны қаупін арттырып, сондай-ақ адам әрекетінен туындап отырған жаһандық жылынудың әсерін күшейтуі мүмкін.