АҚШ Орталық қолбасшылығы өкілінің айтуынша, қақтығыс барысында жараланған 290 сарбаздың 255-і қайтадан қызметке оралған, ал 10 америкалық әскери ауыр жарақат алған. Бұған дейін шайқастарда 200 адамның жараланғаны және 13 адамның қаза тапқаны хабарланған еді.

Апта басында Иран Қарулы күштерінің «Хотам әл-Анбия» Орталық қолбасшылығының өкілі Ибрахим Зулфиқари АҚШ әскері Иранға қарсы агрессия кезінде қаза болғандар мен жараланғандардың нақты санын жасырып отырғанын мәлімдеді.

28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы әскери операция бастады. Тегеран сияқты ірі қалалар соққыға ұшырады. Ақ үй Тегеран тарапынан зымыран және ядролық қауіп бар екенін алға тартып, өз шабуылын ақтады, деп хабарлады Kazinform.