Әкімшілік
жауапкершілік туралы кодекске енгізілген қосымшаларға сәйкес, білім беру
ұйымында кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және оларға білім беру
жөніндегі міндеттер жүктелген тұлғаның:
тәрбие және білім
беру үдерісі кезінде кәмелетке толмаған балаға қатысты физиологиялық
зорлық-зомбылық жасауы, сондай-ақ оны кемсіту немесе қорлау түрінде білдірілген
әрекеттері, егер бұл әрекеттерде қылмыс белгілері немесе заңда белгіленген өзге
де құқық бұзушылық белгілері болмаса — базалық есептік шаманың (БЕМ) 1
есесінен 5 есесіне дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғатыны белгіленді.
Мемлекеттік немесе
беймемлекеттік мекемелердің толық қамқорлығында болған кәмелетке толмаған
балаға алимент төлеуге міндетті әкеден немесе анадан алимент төлеу міндетін
алып тастауға жол берілмейтіні көзделді.
Ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған баланың пайдасына ата-анасынан немесе олардың бірінен
өндіріп алынуы белгіленген алимент мөлшерін азайту жөніндегі істерге «Инсон»
әлеуметтік қызметтер орталықтарын тарту белгіленді.
Сондай-ақ
педагогикалық қызметті жүзеге асыру барысында кәмелетке толмағандарға қатысты
физиологиялық және (немесе) психологиялық зорлық-зомбылыққа байланысты құқық
бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлғалардың 1
жыл ішінде төмендегі білім беру ұйымдарында педагогикалық қызметпен
айналысуына жол берілмейтіні белгіленді:
- мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында;
- жалпы
орта және орта арнаулы білім беру ұйымдарында;
- кәсіптік
білім беру ұйымдарында;
- балаларға
арналған қосымша білім беру ұйымдарында.
Аталған Заң ресми жарияланған күннен бастап күшіне
енеді.