Ол Қылмыстық кодекстің 168-бабы 4-бөлігінде көзделген аса ірі мөлшердегі алаяқтық қылмысын жасады деген күдікпен Интерпол арналары арқылы іздеуде болған.
Мәліметке қарағанда, күдікті Перу Республикасының аумағында тергеу органдарынан жасырынып жүрген кезінде халықаралық іздеу аясында ұсталған.
Экстрадиция үдерісі Интерполдың Ташкент пен Лимадағы Ұлттық орталық бюролары қызметкерлерінің бірлескен жедел-іздестіру шаралары арқылы жүзеге асырылды. Сондай-ақ күдіктіні Өзбекстанға жеткізу барысында транзит елдер ретінде Франция мен БАӘ өкілетті органдары да халықаралық құқық аясында көмек көрсеткен.
Айтылғандай, бұл жағдай трансұлттық қылмыспен күресте Интерполға мүше мемлекеттер арасындағы екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың тиімділігін тағы бір рет дәлелдейді.
Экстрадицияланған тұлға кейінгі процессуалдық әрекеттер және Өзбекстан заңнамасына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Республика Бас прокуратурасы мен Интерпол Ұлттық орталық бюросы қызметкерлерінің атсалысуымен Өзбекстанға жеткізілді.