Бүгін, 25 қыркүйек күні сағат 09:15 шамасында үздіксіз жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстары барысында бұған дейін із-түзсіз жоғалған екі әскери қызметші – сержант Мансұр Ғумаров пен матрос Мирас Тұрдыбекұлының денесі табылды.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға оқу-жаттығу және жауынгерлік міндетті орындау кезінде ауа райы жағдайының күрт нашарлауынан болған. Соның салдарынан 17 әскери қызметші теңізге ағып кеткен. Олардың 3-еуі құтқарылды, ал 14-і қаза тапты.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, Қарулы Күштердің басшылығы мен жеке құрамы қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына барлық қажетті көмек, соның ішінде материалдық және психологиялық қолдау көрсетіледі, деп хабарлады Kazinform.