Құжатқа
сәйкес:
техникалық
түгендеу жылжымайтын мүліктің ауданы, құрамы, техникалық сипаттамалары және
қолданыстағы жағдайын анықтау, сондай-ақ оның кадастрлық жинақтау ісін
қалыптастыру мақсатында іс жүзіне асырылады;
техникалық
түгендеуді Мемлекеттік кадастрлары палатасының
инженерлері немесе біліктілік куәлігі бар кадастр инженерлері жүзеге асырады;
техникалық
түгендеу бастапқы және қайта түгендеу түрінде өткізіледі;
техникалық
түгендеу алдын ала камералдық істер, далалық жұмыстары және далалық жұмыстардан
кейінгі камералдық істер кезеңдерінде жүзеге асырылады ;
далалық
жұмыстар барысында нысандарға барып, жылжымайтын мүліктің өлшемдері алынады,
конструктивтік элементтері мен инженерлік-коммуникациялық желілері зерттеледі;
техникалық
түгендеу нәтижесінде жылжымайтын мүліктің жалпы ауданы, пайдалы ауданы, көлемі
және басқа да техникалық көрсеткіштері анықталады;
жылжымайтын мүлік жоспарлары 1:50, 1:100, 1:150 немесе 1:200
масштабтарында электрондық форматта дайындалады;
техникалық түгендеу нәтижелерімен келіспеген тұлғалар
Кадастр агенттігіне немесе сотқа жүгіну құқығына ие.
Аталған тәртіп жылжымайтын мүлікке қатысты мәліметтердің
нақтылығын қамтамасыз етуге қызмет етеді.