Бұл туралы Цифрлық технологиялар министрлігі хабарлады.
Хабарда айтылғандай, жоба аясында жастар жасанды интеллект, промпт-инженерлік, бағдарламалау, заттар интернеті (IoT) және онлайн маркетинг сияқты заманауи IT бағыттары бойынша 4 жыл бойы жүйелі түрде оқытылады.
Сонымен қатар, 500 IT маманы мен оқытушылардың біліктілігі арттырылады, кореялық жетекші сарапшылардың қатысуымен стартап-инкубация бағдарламалары іске қосылады.
Инфрақұрылымды дамыту аясында 2026–2032 жылдары Нөкіс және Қаршы қалаларында 2 заманауи IT-хаб құрылады. Сонымен бірге, 7 ауданда 14 IT орталығы салынып, заманауи жабдықтармен қамтамасыз етіледі.
Бұл жоба білім беру жүйесін дамытуға, жастардың жұмыспен қамтылуын арттыруға, инновациялық кәсіпкерлікті қолдауға және елдің цифрлық болашағын нығайтуға қызмет етеді.