Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұл туралы Конго Демократиялық Республикасының ресми өкілдері мәлімдеген.

Айтылуынша, мамыр айының ортасында басталған вирустың сирек кездесетін «Бундибугио» штамының таралуы салдарынан қайтыс болғандар саны 3 398 адамға жеткен. Қазіргі уақытта 837 адам карантинде, ем қабылдап жатыр, деп хабарлады Report.az.

Бұл — Конго Демократиялық Республикасындағы Эбола індетінің 17-ші жағдайы. Эпидемияның негізгі ошағы елдің солтүстік-шығысындағы Итури облысында тіркелген. Осы уақытқа дейін вирус Конго Демократиялық Республикасының 7 облысына таралған.

AFP мәліметінше, жаңа оқу жылы басталғаннан кейін Эбола вирусы мектеп оқушылары арасында жедел тарала бастаған. Бұл медициналық мекемелерге түсетін жүктемені одан әрі арттырған.