Ағымдағы жылдың 23–27 маусым күндері күтілетін жауын-шашынға байланысты республиканың тауалды және таулы аймақтарында, атап айтқанда:

Қашқадария облысында: Яккабоғ, Деҳқонобод, Чироқчи, Китоб, Шахрисабз, Қамашы, Ғузар аудандарында;

Сұрхандария облысында: Сариосиё, Ұзын, Алтынсай, Денов, Байсын, Шеробод, Шурчи, Қумқорған, Музработ аудандарында;

Самарқант облысында: Үргіт, Самарқант, Бұлунғур, Нұробод, Қошработ, Каттақорған, Пайарық, Жомбой, Иштихон аудандарында;

Науаи облысында: Хатыршы, Навбахор, Нұрата, Кенимех, Кармана аудандарында;

Жызақ облысында: Замин, Бахмал, Ғаллаарал, Шараф Рашидов, Фарыш, Янгиобод аудандарында;

Ташкент облысында: Ахангарон, Бостандық, Паркент, Піскент, Орта Шыршық, Жоғары Шыршық аудандарында, сондай-ақ Ангрен және Алмалық қалаларында;

Наманган облысында: Поп, Косонсой, Чортоқ, Чуст, Наманган, Янгиқорған аудандарында;

Ферғана облысында: Сох, Шохимардон, Ферғана, Бешарық аудандарында;

Әндіжан облысында: Әндіжан, Асака, Жалакудуқ, Қорғантөбе, Пахтаабад, Ізбасқан, Қожаабад, Мархамат аудандарында және Ханабад қаласында сел және тасқын су оқиғалары орын алуы мүмкін.

Тауалды және таулы өңірлерде тұратын тұрғындардан, демалушылардан, сондай-ақ таулы аймақтарда қатынайтын жүргізушілерден сақтық шараларын қатаң сақтау сұралады.

Республиканың кейбір аумақтарында жаңбыр суларының жиналу ықтималдығы бар. Бұл өз кезегінде елді мекендер мен аумақтарды су басуына алып келуі мүмкін.