Мемлекет басшысы мен жұбайын Король II Абдалла бен әл-Хусейн және Ханшайым Рания әл-Абдулла жылы қарсы алды. Содан кейін, тарапар бірге суретке түсті.

Жоғары мәртебелі қонақтың құрметіне зеңбіректен оқ атылды. Сарай алдындағы алаңда құрмет қарауылы сап түзеді.

Өзбекстан Президенті мен Иордания Королі мінберге көтерілді. Екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды. Мемлекет басшылары құрмет қарауылының алдынан өтті. Бұдан соң құрмет қарауылының сарбаздары Өзбекстан Президентінің алдынан салтанатты шерумен жүріп өтті.

Рәсім аяқталғаннан кейін жоғары деңгейдегі келіссөздер басталды.