Қаулыға орай, Ташкент облысында төмендегілер құрылады:

Ахангаран ауданындағы Ахангаран мемлекеттік орман шаруашылығының “Овжазсой” учаскесіндегі 9,2 мың гектар жер аумағында “Овжазсой – Көк таулар” ұлттық табиғат саябағы;

Бостандық ауданындағы Бурчмулла мемлекеттік орман шаруашылығының 156,7 мың гектар жер аумағында “Писком” ұлттық табиғат саябағы.

Ферғана облысында Өзбекстан және Сух аудандарындағы 13,9 мың гектар мемлекеттік резерв жерлері, сондай-ақ Ферғана және Қоқан мемлекеттік орман шаруашылықтарының 8,9 мың гектар жер аумақтары есебінен жалпы көлемі 22,9 мың гектар болатын “Ферғана” ұлттық табиғат саябағы құрылады.

Наманган облысының Мыңбұлақ және Поп адырлық аймақтарында 33,6 мың гектар мемлекеттік резерв жерлері мен Поп мамандандырылған мемлекеттік орман шаруашылығының 91,2 мың гектар жер аумағы есебінен “Поп” ұлттық табиғи саябағының аумағы 125,3 мың гектарға дейін кеңейтіледі.