Атап айтқанда:

жеке және заңды тұлғаларға меншік құқығымен тиесілі жылжымайтын мүлік нысандары мен автокөлік құралдарын кепілге немесе ипотекаға қоюға, сондай-ақ оларды иеліктен шығаруға тыйым салу немесе мұндай тыйымды алып тастау;

азаматтардың өз атына рәсімделген және пайдаланылып жатқан телефон нөмірлері мен банк карталары туралы ақпарат алу;

сондай-ақ осы үдерістерді басқарудың төмендегі мүмкіндіктер ұсынылады:

телефон нөмірін белгілі бір мерзімге уақытша белсенді емес күйге ауыстыру (қайта белсендіру) және пайдаланылмайтын телефон нөмірлеріне қызмет көрсетуді тоқтату туралы өтініш беру;

телефон нөміріне қосылған ақылы қызметтер туралы мәлімет алу;

банк карталарын бұғаттау (жабу) жөнінде оларды шығарған банкке өтініш жолдау;

азаматтың атына жаңа нотариаттық іс-әрекет рәсімделген кезде оны Бірыңғай портал арқылы автоматты түрде хабардар ету және мұндай әрекеттердің есебін жүргізу.