Мемлекеттік мекемелердегі көпжылдық нәтижелі еңбегі, елімізде кең ауқымды реформаларды табысты жүзеге асыруға, әсіресе азаматтық авиация саласын дамытуға қосқан зор үлесі, еліміздегі түрлі ұлттар мен этнос өкілдері арасындағы өзара ынтымақ пен мейірімділік ортаны нығайту, Жаңа Өзбекстанның бейбітсүйгіш әрі халықшыл саясатын халықаралық деңгейде насихаттау, жас ұрпақты Отанға сүйіспеншілік пен жалпыадамзаттық құндылықтарға құрмет рухында тәрбиелеу жолындағы үлгілі еңбегі, әлеуметтік өмірге белсенді қатысуы, сондай-ақ 80 жылдық мерейтойы қарсаңында «Бауырлас қалалар альянсы» беймемлекеттік бейкоммерциялық ұйымы төрағасының кеңесшісі Тян Валерий Николаевич «Шухрат» медалімен марапатталсын.

Өзбекстан Республикасының Президенті

Ш. Мирзияев