Бұл мәртебе инженерлік, шаруашылық және мәдени тұрғыдан айрықша маңызға ие болған тарихи ирригациялық және дренаждық кешендерге беріледі. Бір айта кетерлігі, аталған екі канал да бүгінде су шаруашылығы жүйесінде белсенді жұмыс істеп тұр.

Биылғы 12–17 қазан күндері Францияның Марсель қаласында МКИД-ның 26-халықаралық конгресі және Халықаралық атқарушы кеңестің 77-жиналысы өтуде. Оған 50-ге жуық елдің су шаруашылығы кеңселері мен ұлттық ирригациялық комитеттерінің өкілдері, халықаралық ұйымдар, ғалымдар, инженерлер және сала сарапшылары қатысуда.

Іс-шаралар барысында климаттың өзгеруі жағдайында су ресурстарын басқару, ауыл шаруашылығының тұрақтылығын қамтамасыз ету және заманауи суару технологияларын енгізу мәселелері талқылануда.

14 қазанда МКИД президенті Марко Арчери мен бас хатшысы Ракеш Гупта «Әмудария-Бұхара» ирригациялық жүйелері бассейндік басқармасының басшысы Эркин Файзиллаевқа және «Зарафшан» ирригациялық жүйелері бассейндік басқармасының басшысы Фарход Раджабовқа каналдарға арналған сертификаттар мен естелік тақталарды табыстады.

«Дарғом» — екі мың жылдан астам тарихы бар канал

«Дарғом» Орталық Азиядағы ең көне, бүгінгі күнге дейін жұмыс істеп келе жатқан суару жүйелерінің бірі болып саналады. Оның құрылысы б.з.д. V–IV ғасырларға жататыны көрсетілген.

Канал екі мың жылдан астам уақыт бойы Самарқант оазисін сумен қамтамасыз етіп келеді. Оның ұзындығы шамамен 102 шақырымды құрайды. Канал Самарқант және Қашқадария облыстарындағы шамамен 178 мың гектар жерді сумен қамтамасыз етеді.

Жүйенің құрамында 146 гидротехникалық кешен мен 12 гидробекет бар. «Дарғом» өзінің тарихи бағытын және суды табиғи ағысымен жеткізу ерекшелігін сақтап қалған.

«Шахруд» Бұхараның дамуында маңызды рөл атқарған

«Шоҳруд» Бухоро тараққиётида муҳим ўрин тутган

«Шоҳруд» канали тахминан милодий III–IV асрларда қазилган деб ҳисобланади. У Бухоро воҳаси ва шаҳарнинг ривожланишида муҳим аҳамият касб этган.

Асрлар давомида канал орқали экинзорлар, боғлар, токзорлар, ҳунармандчилик ва турар жой маҳаллалари, шунингдек, шаҳар ҳовузларига сув етказиб берилган.

Канал тарихи ЮНЕСКОнинг Жаҳон мероси рўйхатига киритилган Бухоро тарихий маркази билан чамбарчас боғлиқ.

Қайд этиш жоизки, 2025 йилда Ўзбекистоннинг «Дўстлик» ва «Эски Туятортар» каналлари ҳам жаҳон ирригация мероси объектлари сифатида эътироф этилган эди.

«Шахруд» каналы шамамен б.з. III–IV ғасырларында қазылған деп есептеледі. Ол Бұхара оазисі мен қаланың дамуына елеулі үлес қосқан.

Ғасырлар бойы осы канал арқылы егістік алқаптарға, бақтарға, жүзімдіктерге, қолөнер шеберханалары мен тұрғын үй орналасқан махаллаларға, сондай-ақ қаладағы хауыздарға су жеткізіп келген.

Каналдың тарихы ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра тізіміне енгізілген Бұхараның тарихи орталығымен тығыз байланысты.

Айта кету керек, 2025 жылы Өзбекстанның «Достық» және «Ескі Туятортар» каналдары да Дүниежүзілік ирригациялық мұра нысандары ретінде танылған болатын.

Осылайша, Өзбекстанның көне суару құрылыстары тек тарихи және мәдени мұра ғана емес, сонымен қатар қазіргі су шаруашылығы үшін де маңызды мәнге ие екенін көрсетіп отыр.