«Бішкек-Арена» стадионында өткен шараға Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің басшылары мен өзге де мәртебелі қонақтар қатысты.

Биылғы ойындарға әлемнің 90-нан астам елінен 3 мыңнан астам спортшы қатысып жатыр. Олардың қатарында Өзбекстаннан келген 141 спортшы бар. Олар күрес, самбо, армрестлинг, садақ ату, ат спорты секілді 30 спорт түрінен бақ сынайды.

Ашылу салтанатында көшпенді халықтардың бай тарихы мен мәдениетін, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын арқау еткен театрландырылған қойылым көпшілік назарына ұсынылды.