Мемлекет басшысы Амман қаласында Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнмен жемісті келіссөздер жүргізді. Сондай-ақ екі елдің жетекші компаниялары басшыларының қатысуымен өткен бизнес-форумға қатысты.
Саммит аясында Стратегиялық серіктестік орнату туралы келісім қабылданды. Сонымен қатар ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге бағытталған жалпы 19 құжатқа қол қойылды.
Сапар бағдарламасы аяқталған соң, Алия ханшайым атындағы халықаралық әуежайда Өзбекстан басшысы мен жұбайын Король II Абдалла бен әл-Хусейн шығарып салды.
Мемлекет басшысы Ташкентке қайтып оралды.