Мемлекет басшысына Иордания Хашимит Корольдігінің Королі II Абдалла бен әл-Хусейн жолсерік болды.

Көрмеде екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың әлеуеті, тау-кен өнеркәсібі мен геология, химия, ауыл шаруашылығы және азық-түлік, көлік және логистика, электротехника, тоқыма, фармацевтика және қорғаныс өнеркәсібі сияқты басым бағыттарға арналған бөлімдер ұсынылды.

Көшбасшыларға екі елдің түрлі салалардағы перспективалы инвестициялық жобалары да таныстырылды. Бұл Өзбекстан мен Иордания инвесторларына қаржы салуға болатын тиімді жобалармен тікелей танысуға мүмкіндік берді.

Көрме стендтерінде минералдық шикізат пен базальт өнімдері, тыңайтқыштар, азық-түлік тауарлары, иірімжіп, мата, дайын киімдер мен дәрі-дәрмектердің үлгілері қойылған.

Екі елдің ірі компанияларының өкілдері бірлескен жобалардың жүзеге асырылу барысы туралы ақпарат берді.

Көрме Өзбекстан мен Иорданияның жетекші кәсіпорындары арасындағы өндірістік кооперацияны нығайтуға, озық тәжірибе алмасу мен заманауи технологиялар трансферін кеңейтуге ықпал ететіні атап өтілді.