Күні кеше Мемлекет басшылары шағын құрамда келіссөздер өткізіп, Жоғары мемлекетаралық кеңестің алғашқы отырысын ұйымдастырды, сондай-ақ бірлескен жобаларды іске қосты. Кездесулер соңында екіжақты құжаттардың ауқымды топтамасына қол қойылды.

Бүгін саммит Бұхара қаласында жалғасты. Мемлекет басшылары тарихи ескерткіштерді аралап, өнеркәсіп кәсіпорнының жұмысымен танысты.

Іс-шаралар аяқталған соң, Бұхара халықаралық әуежайында жоғары мәртебелі мейманды Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев шығарып салды.

Сонымен, Мемлекет басшысы Бұхараға сапарын аяқтап, Ташкент қаласына қайтып оралды.