Инфляцияны ескергенде, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда халықтың жалпы табысының нақты өсу қарқыны 109,2 пайызды құрады.
Аталған кезеңде халықтың жан басына шаққандағы жалпы табысы 16,1 миллион сумды құрады. Жан басына шаққандағы жалпы табыстың номиналды өсу қарқыны – 114,5 пайыз, ал нақты өсу қарқыны – 107,3 пайыз деңгейінде тіркелді.