Сұхбат басында жоғары деңгейдегі белсенді диалог пен жүйелі жұмыстардың нәтижесінде Өзбекстан мен Қатар арасындағы қарым-қатынастар стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілгені атап өтілді.

Мұндай тығыз байланыстар екіжақты достық пен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал ететіні ерекше сөз болды.

Кездесуде жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалу барысы қаралды. Сауда-экономикалық, инвестициялық, әлеуметтік және гуманитарлық салалардағы жобаларды одан әрі кеңейту жөнінде келісім жасалды.

Көшбасшылар жаһандық және аймақтық маңызы бар мәселелер бойынша да пікір алмасты.