Бұл туралы Энергетика министрлігі хабарлады.
Кездесу Өзбекстан Энергетика министрлігі, Қырғызстан және Қазақстан энергетикакеңселерінің тең төрағалығымен ұйымдастырылды. Оған Өзбекстан тарапынан министрдің орынбасары Умид Мамадаминов және министрліктің жауапты қызметкері Умархужа Ниғмонов қатысты.
Келіссөздер барысында тараптар “Қамбарата ГЭС-1” жобасын іске асыруға қатысты үкіметаралық келісім жобасын талқылады.
Аталған жоба су-энергетика саласындағы маңызды аймақтық бастамалардың бірі болып, Орталық Азия елдерінің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған. Жоба аясында Қырғызстан аумағындағы Нарын өзенінде қуаты 1880 МВт болатын ірі гидроэлектр станциясын салу жоспарланып отыр.
Келіссөздерге үш елдің тиісті мемлекеттік органдары мен салалық ұйымдарының өкілдері қатысты. Сонымен қатар, Дүниежүзілік банк өкілдері бақылаушы ретінде қатысып, бұл ұйымның жобаға негізгі халықаралық қаржылық серіктес ретіндегі рөлін растады.
Кездесу қорытындысында тараптар үкіметаралық келісімді келісу бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты. Келесі келіссөздер 2026 жылдың сәуір айында Ташкент қаласында өткізу жоспарланған.