Кубринск
ауылындағы петарда өнім өндіретін кәсіпорында өрт шыққан. Төтенше жағдай
салдарынан жақын маңдағы тоғыз көпқабатты тұрғын үйге зақым келген, деп
хабарлады Kazinform.
Жедел
қызмет өкілдерінің агенттікке берген мәліметі бойынша, негізінен ғимараттардың
терезелері сынған. Сонымен қатар тағы бір тұрғын үйдің шатыры зақымданған.
ТАСС мәліметінше,
бұған дейін кәсіпорында электр сымдарына қатысты заң бұзушылық анықталған.
Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің Ярославль облысы бойынша бас басқармасы
өндірістік кәсіпорынды соңғы рет 2024 жылғы 26 қарашада тексерген. Сол кезде
инспектор электр сымдарының оқшаулау қабаты зақымданғанын анықтап, ескерту
жасаған.
Кәсіпорын
аса жоғары қауіп санатына жатады. Ресей заңнамасына сәйкес, мұндай нысандарда
жоспарлы тексерулер үш жылда бір реттен жиі жүргізілмеуі тиіс.
Өндірістік
кәсіпорынға иелік ететін компания 2025 жылы Минеральные Воды қаласында
тіркелген. Ашық дереккөздердегі мәліметтерге орай, компанияның негізгі қызмет
түрі — өнеркәсіптік химиялық заттарды көтерме саудада сату.