3 600 АҚШ доллары көлемінде ақша алған деген күдікке ілінді.
Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз хатшысы өз Telegram арнасында хабарлады.
Мәліметке сәйкес, ол құқық қорғау органдары қызметкерлері жүргізген жедел іс-шара барысында айғақ заттармен бірге ұсталған.
Жоғарғы соттың хабарлауынша, сот органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу, жүйені адал емес кадрлардан тазарту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Атап айтқанда, судьялар мен қызметкерлер арасында орынсыз және заңға қайшы әрекеттердің алдын алу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа жол берген тұлғаларды анықтап, оларға қатысты қатаң шаралар қолдануға ерекше назар аударылуда.