Аталған
құжат «Мүдделер қақтығысы туралы» заңның орындалуын қамтамасыз ету мақсатында
қабылданды.
Заңға
сәйкес, мемлекеттік органда немесе ұйымда жұмыс істеген қызметкер жұмыстан
шыққаннан кейінгі 2 жыл ішінде өзі бұрын бақылау жүргізген
ұйымға жұмысқа қабылданар алдында бұрынғы жұмыс орнының сыбайлас жемқорлыққа
қарсы ішкі бақылау бөлімшесінен міндетті түрде қорытынды алынуы тиіс.
Егер
бақылауда болған ұйым бұрынғы мемлекеттік қызметшіні жұмысқа қабылдауды
жоспарласа, кадр қызметі 1 жұмыс күні ішінде ішкі бақылау
бөлімшесіне жүгінеді.
Ішкі
бақылау бөлімшесі үш түрлі қорытынды береді:
·
оң қорытынды – қызметкерді
жұмысқа қабылдауға болады;
·
шектеулі оң қорытынды – белгілі бір
шектеулермен жұмысқа қабылданады;
·
теріс қорытынды – жұмысқа
қабылдаудан бас тартылады.
Егер мұндай қорытынды алынбаса немесе теріс
қорытынды берілсе, үміткерді жұмысқа қабылдауға тыйым салынады.
Шектеулі оң қорытынды берілген жағдайда
қызметкерге мынадай талаптар қолданылады:
·
3 ай бойы бұрын өзі бақылаған ұйымға қатысты шешімдер қабылдау үдерісіне қатыса алмайды;
·
мүдделер
қақтығысына әкелуі мүмкін қызметтік міндеттері қайта бөлінеді;
·
оның қызметі ішкі
бақылау бөлімшесінің тұрақты мониторингіне алынады.
Егер бұрынғы мемлекеттік қызметші ішкі
бақылау бөлімшесінің қорытындысымен келіспесе, ол жоғары тұрған ұйымға немесе
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне
шағымдануға құқылы.