Аталған өзгерістер Бюджет кодексіне енгізілген жаңа нормалар негізінде әзірленді. Оған сәйкес:

жергілікті бюджеттерді жоспарлау кезінде жергілікті мемлекеттік биліктің өкілдік органдарының рөлі күшейтіліп, табысты болжамын, қаражаттардың алдын ала көлемін және бюджетаралық трансферттер бойынша ұсыныстарды қалыптастыруға міндеті белгіленді;

бюджет сұраныстарындағы негізсіз немесе тиімділігі төмен шығыстарды қысқарту механизмі енгізілді. Тиісті ұйымдар хабарлама алғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде жаңартылған бюджет сұранысын ұсынуы тиіс;

бюджет қаражатын бөлушілердің даму бағдарламалары кемінде 3 жылға әзірленеді. Онда нақты нәтижелік көрсеткіштер мен күтілетін әлеуметтік-экономикалық тиімділік белгіленеді;

жергілікті бюджеттерге  бюджеттік  ссуда бөлу туралы өтінім 5 жұмыс күні ішінде қаралады. Қарау нәтижесі туралы өтініш берушіге 1 жұмыс күні ішінде хабарланады;

мемлекеттік қаржының тұрақтылығын бағалау мақсатында жалпы фискалдық балансты қалыптастыру және есептеу тәртібі белгіленді.

Бұл өзгерістер бюджет қаражатын тиімді әрі мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған.