Олий Мажлис Заң шығару палатасының мәжілісінде «Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы кейбір санаттағы қылмыстар үшін жауапкершілікті жетілдіруге байланысты Өзбекстан Республикасының Қылмыстық кодексіне өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда қабылданды.

Заң жобасында Қылмыстық кодекстің 154¹-бабына өзгерістер енгізу көзделген.

Оған сәйкес, Өзбекстан азаматтарының шет мемлекеттердің әскери қызметіне, қауіпсіздік, полиция, әскери әділет органдарына немесе осыған ұқсас басқа да органдарға қызметке тұруы, сондай-ақ осы органдарға қызмет ету үшін жалдануына байланысты әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік нормаларын жетілдіру қарастырылуда.

Бұдан бөлек, шет мемлекеттердің аумағындағы қарулы қақтығыстарға қатысуға байланысты қылмыстық әрекеттер үшін жауапкершілік нормаларын нақтылау ұсынылып отыр.

Заң жобасының негізгі мақсаты — азаматтардың шетелдегі қарулы қақтығыстарға тартылуының алдын алу, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстармен күресудің құқықтық механизмдерін нығайту.

Заң жобасын депутаттар екінші оқылымда қабылдады.