Мәлімет ретінде, WTTC өз
зерттеулерін әлемді 13 ірі өңірге бөліп жүргізеді. Осы
рейтингте Орталық Азия бірнеше негізгі көрсеткіш бойынша бірінші орынға ие
болды. Ең маңыздысы – Өзбекстан барлық негізгі көрсеткіштер бойынша
Орталық Азия елдері арасында ең жоғары нәтижені көрсетті.
Есепке бойынша, 2025
жылы Орталық Азия аумағында туризмнің жалпы ішкі өнімдегі (ЖІӨ) жалпы
үлесі 17,7 пайызға, ал тікелей үлесі 19,6 пайызға
артқаны көрсетілген.
Өңірдегі туризм
қызметтерінің экспорты (visitor exports) 9,9 млрд АҚШ долларына
жетіп, бір жыл ішінде 26,4 пайызға өсіп, өсім қарқыны бойынша
әлемде бірінші орынға шыққан.
Осы көрсеткіштің шамамен тең
жартысы Өзбекстанның үлесіне тиесілі. Атап айтқанда, 2025 жылы
Өзбекстан 4,8 млрд АҚШ доллары көлемінде туризм қызметтерін экспорттаған.
WTTC-нің 2025 жылғы
деректеріне сәйкес, Орталық Азия тұрғындары ең көп саяхаттайтын бағыт
ретінде Өзбекстан көрсетілген.
Аймақ тұрғындарының негізгі саяхат
бағыттары:
·
Өзбекстан – 25%;
·
Қазақстан – 23%;
·
Қырғызстан – 18%;
·
Ресей – 16%;
·
Түркия – 6%.
Ұйым Өзбекстанның бірінші орынға шығуын елдің бай тарихи-мәдени мұрасы және аймақтық саяхатшылары үшін жоғары
тартымдылығымен түсіндірген.
Есепте былай делінген:«Жалпы алғанда, бұл көрсеткіштер туризмнің аймақтық ерекшелігін дәлелдейді: Орталық Азия тұрғындары көбінесе аймақтың өз ішінде саяхаттайды».Сонымен қатар, есепте Орталық
Азияда бірыңғай өңірлік туристік кеңістік құруға елеулі мүмкіндік бар
екені атап өтілген.
Сондай-ақ, шекарадан өтуді жеңілдету, әуе қатынасы мен көлік-логистика
инфрақұрылымын дамыту, бірлескен туристік маршруттарды қалыптастыру және өңірді
бірыңғай туристік бағыт ретінде ілгерілету аймақтан тыс халықаралық туристік ағынның да артуына ықпал етіп
отырғаны көрсетілген.
Есепке сәйкес, 2025
жылы туризм саласындағы айналым қаражатының: 64,3 пайызы
шетелдік туристердің, 35,7 пайызы – өңірдің ішкі
туристерінің үлесіне тиесілі болған. Саяхаттың мақсаты бойынша шетелдік туристер шығындарының құрылымы 84,5
пайызы –демалыс мақсатындағы сапарларға, 15,5 пайызы
– іскерлік (бизнес) сапарларға жұмсалғаны айтылған.
WTTC болжамына сәйкес, 2036
жылға қарай туризмнің Орталық Азия экономикасына қосатын жалпы үлесі 29,7
млрд АҚШ долларына жетеді деп күтілуде.