Оған сәйкес,
профилактикалық емдеу Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысы негізінде енгізіледі.
Профилактикалық
емдеуді енгізуге жұқпалы аурудың аумақта анықталуы, аурудың кең таралуы немесе
жекелеген топтарға жұғуы негіз болады.
Вакцинация ең
алдымен ауруды жұқтыру немесе оны өзгелерге тарату қаупі жоғары адамдар, ауру
ошағында науқаспен байланыста болғандар, сондай-ақ эпидемиологиялық
көрсеткіштер бойынша емделуі қажет болған адамдардан басталады.
Профилактикалық
емдеу мемлекеттік тіркеуден өткен және медицинада қолдануға рұқсат етілген
вакциналармен жүргізіледі.
Профилактикалық
емдеу кезінде адам медициналық тексеруден өткізіліп, вакцинаның құрамына
сезімталдық, бұрын болған ауыр аллергиялық реакциялар және басқа да қарсы
көрсетілімдердің бар-жоғы анықталады.
Адамға вакцина
және оның ықтимал әсері, вакцинациядан кейінгі бақылау, сондай-ақ вакцинациядан
бас тартудың құқықтық салдары туралы ақпарат беріледі.
Профилактикалық
вакцинациядан өткен әрбір адам туралы мәлімет вакцинация жүргізілген бойда
Бірыңғай медициналық ақпараттық жүйеге енгізіледі.
Профилактикалық
вакцинациядан өткен адам алғашқы 30 минутта медицина қызметкерінің, кейінгі 3
күн ішінде дәрігер мен патронаж мейірбикесінің бақылауында болады.