Жүктеменің артуына қарамастан, қала бойынша жалпы
кептеліс деңгейі 6 балл шамасында
сақталды. Кейбір учаскелерде көлік қозғалысының жылдамдығы төмендегенімен,
кептелістің күрт өсуіне жол берілмеді.
Бұл неге маңызды?
Қиылыстардың өткізу қабілеті ең жоғары шегіне жақындаған
кезде автомобильдер санының аз ғана өсуінің өзі көлік кезегінің күрт ұзаруына
әкелуі мүмкін.
Сондықтан көлік ағынының 30 пайызға артуы жекелеген көшелер мен олармен байланысқан
қиылыстар желісі үшін елеулі жүктеме саналады.
Кептеліс деңгейін 6
балл шамасында ұстап тұруға тұрақты мониторинг жүргізу, үйлестірілген
жұмыс және бағдаршам фазаларын жедел өзгерту арқылы қол жеткізілді.
Қаладағы көлік қозғалысы – нақты уақыт режимінде
Жол қозғалысын ұйымдастыру мен басқаруды
орталықтандырылған түрде бақылау мақсатында Жол қозғалысын қамтамасыз ету бас бас бармасы (ЖҚҚЕББ) Жағдайлар
орталығын іске қосты.
Арнайы цифрлық жүйеге елордадағы маңызды реттелетін
қиылыстардың дерлік барлығы қосылған. Мамандар нақты уақыт режимінде жолдағы жағдайды, бағдаршамдардың жұмысын, автомобильдер кезегінің қалыптасуын,қоғамдық көліктің қозғалысын бақылайды.
Сонымен қатар таңертеңгі, күндізгі және кешкі жағдай,
сондай-ақ көлік жүктемесі жоғары негізгі магистральдардағы қозғалыс жеке
талданады.
Бұл жергілікті кептелістің көршілес көшелерге таралып
кетуіне дейін автомобильдер кезегінің ұлғайып келе жатқанын анықтауға мүмкіндік
береді.
Кептеліс қалай
жойылады?
Жұмыс
үдерісі анықтау — талдау — реттеу —
нәтижені тексеру қағидаты негізінде ұйымдастырылған.
Көлік
кезегі көбейген кезде мамандар көлік ағынының қарқындылығын және көршілес
учаскелердегі жағдайды бағалайды.
Қажет
болған жағдайда:
- көлік жүктемесі
жоғары бағыттағы жасыл шамның жану
уақыты ұзартылады;
- бағдаршам
фазалары қайта реттеледі;
- көршілес
бағдаршамдардың жұмысы өзара үйлестіріледі;
- көлік
кезегінің келесі қиылысқа дейін созылып кетуіне жол берілмейді.
Одан
кейін бақылау жалғастырылып, көлік қозғалысының қаншалықты жылдам қалпына келіп
жатқаны бағаланады.
Бағдаршамдарды
реттеу жеткіліксіз болған жағдайда
Егер
кептеліс жол-көлік оқиғасы, бұзылып
немесе тоқтап қалған автомобиль, жол жолағының жабылуы, жөндеу жұмыстары немесе
көлікті тоқтату ережелерінің бұзылуы салдарынан пайда болса, ақпарат
жедел түрде Ташкент қаласы ІІББ Қоғамдық қауіпсіздік қызметінің Жол қозғалысы
қауіпсіздігі басқармасы қызметкерлеріне жеткізіледі.
Оқиға
орнында қозғалысты қолмен реттеу, жол жолағын босату немесе қауіпсіз айналып
өту бағыты ұйымдастырылады.
Қажет
болған жағдайда жол, коммуналдық, апаттық және басқа да тиісті қызметтер
жұмылдырылады.
Көлік қозғалысын
кім бақылайды?
Жағдайлар
орталығында жол-көлік жағдайын күн сайын бақылап отыратын жұмысшы топ жұмыс істейді.
Оның
құрамына:
- Ташкент
қаласының ЖҚҚЕББ қызметі;
- Ташкент
қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бас басқармасы;
- Ташкент
қаласы ІІББ Қоғамдық қауіпсіздік қызметінің Жол қозғалысы қауіпсіздігі
басқармасы;
- қоғамдық
көліктің диспетчерлік қызметтері;
- инженерлік
бөлімшелер;
- көлік
қозғалысын модельдеу мамандары;
- талдаушылар
мен бағдарламашылардың өкілдері кіреді.
Жергілікті
мамандармен қатар шетелдік сарапшылар да жол-көлік жағдайын талдап, көлік
ағындарының бөлінуін, кептелістің себептерін және қабылданып жатқан шаралардың
тиімділігін зерттеп жатыр.
Жаңа оқу жылының
алғашқы күнінің нәтижесі
Автомобильдер
саны 30 пайызға артқанына қарамастан: кептеліс
деңгейі 6 балл шамасында сақталды, кептелістің
күрт ұлғаюына жол берілмеді,қозғалыстағы
қиындықтар жедел анықталып, қажетті шаралар қабылданды, маңызды
қиылыстар тұрақты бақылауда болды.
Алдағы күндері мониторинг күшейтілген режимде жалғасады.
Жоғары
оқу орындарында, академиялық лицейлерде, техникумдарда және басқа да білім беру
мекемелерінде оқу сабақтарының басталуына байланысты көлік жүктемесі кезең-кезеңімен артуы мүмкін.