Мәлімет ретінде: 1912 жылы сәулетші Вильгельм Гейнзелманның жобасы бойынша салынған ғимарат бастапқыда трамвай депосы, кейін дизель электр станциясы ретінде пайдаланылған. Бүгінде тарихи келбеті мен индустриялық рухы сақтала отырып, ол заманауи өнер, білім беру, зерттеу және мәдени диалог орталығына айналды.

 

Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан бұл жоба тарихи мұраны сақтап, оған заманауи мазмұн берудің жарқын үлгісі болып табылады.

 

Францияның әйгілі Studio KO бюросы әзірлеген сәулеттік тұжырымдама тарихи мұра мен заманауи инфрақұрылымды үйлестіре білген. Орталықта көрме залдары, білім беру және қоғамдық кеңістіктер, кітапхана, сондай-ақ зерттеу инфрақұрылымы жұмыс істейді.

 

Ең бастысы — мұнда тарих жай ғана сақталып қалған жоқ, оған жаңа мазмұн берілді. Бұрын энергия өндірілген кеңістікте бүгінде шығармашылықтың, жаңа идеялардың, өнер мен адамдар арасындағы өзара байланыстың жаңа энергиясы қалыптасады.

 

CCA Tashkent тек Ташкенттің ғана емес, бүкіл Орталық Азияның жаңа мәдени тартымды орталықтарының біріне айналады деп күтілуде.

 

Мұнда заманауи өнермен қатар баяндамалар, кино көрсетілімдері, зерттеу жұмыстары, пікірталастар, концерттер, перформанстар және түрлі мәдени-білім беру іс-шаралары өткізіледі.