Мәліметтерге сәйкес, кешен операторы Electric Power Company (КЕРСО) оқиғаға байланысты реакторды қолмен өшіруге мәжбүр болған.

Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Бу ағуы қоршаған ортаға әсер еткен жоқ. Радиациялық фонда ешқандай өзгеріс тіркелмеді. Компания оқиғаның себебін анықтау үшін тергеу жүргізіп жатыр.

Mihama атом электр станциясы Жапон теңізінің жағалауында, Хонсю аралында, Токиодан шамамен 320 шақырым батыста орналасқан. Станцияның құрылысы 1967 жылы басталып, тиісінше қуаты 340 МВт, 500 МВт және 826 МВт болатын барлығы үш PWR реакторы салынған.

Бірінші және екінші энергоблоктар 2015 жылы апат қаупіне байланысты пайдаланудан шығарылды. Үшінші энергоблок уақытша тоқтатылған болатын, алайда қауіпсіздік жүйелері жаңартылғаннан кейін 2021 жылы қайта іске қосылды. 2022 жылдың қыркүйегінен бері бұл энергоблок қалыпты режимде жұмыс істеп келеді, деп хабарлады report.az.