Осы кездесу қарсаңында ФИФА өкілдері мен командалардың ресми тұлғаларының қатысуымен техникалық жиналыс өтті. Онда жарыс регламентіне қатысты бірқатар мәселелер талқыланып, қатысушыларға қажетті түсіндірмелер мен ескертулер берілді.

Жиналыс қорытындысына орай, Өзбекстан ұлттық құрама командасының футболшылары аталған кездесуде толықтай ақ түсті жейдемен, ал қақпашы жасыл түсті киіммен алаңға шығатыны белгілі болды.