Мәліметке сәйкес, халық санағы барысында ел тұрғындарының 97,3 пайызы
қамтылған. Қалған 2,7 пайыз тұрғын түрлі себептерге байланысты санаққа
қатыспаған.
Айтылғандай, бұл көрсеткіш халықаралық тәжірибе тұрғысынан қалыпты деңгей
болып саналады. Кейбір мемлекеттердің тәжірибесінде халық санағы кезінде
қамтылмаған тұрғындардың үлесі 10 пайыздан да жоғары болған жағдайлар
кездеседі.
Баспасөз конференцияда алдын ала есептеулерге сәйкес, бір тұрғынды халық
санағына тіркеуге жұмсалған шығын 0,12 АҚШ долларын құрағанын да хабарлады.
Жауапты тұлғалардың айтуынша, бұл нәтиже халық санағын ұйымдастыру
барысында цифрлық технологиялардың тиімді пайдаланылғанын және ұйымдастыру
шығындарының оңтайландырылғанын көрсетеді.