Сонымен
қатар, Кореяда білім алып жатқан 20 мыңнан астам өзбекстандық студентті оқуын
аяқтағаннан кейін өз мамандығы бойынша жұмысқа орналастыру жоспарлануда.
Бұл туралы
Миграция агенттігінің Кореядағы өкілеттігінің басшысы Нурматжон Комилов мәлімдеді.
Оның
айтуынша, осы бағытта Samsung, Hyundai, LG, SK Hynix сияқты ірі кореялық
компаниялармен келіссөздер жүргізілуде.
Сонымен
қатар парфюмерия,
өндіріс және туризм салалары үшін мамандар даярлау, сондай-ақ оларды қонақүйлерге менеджер ретінде
жұмысқа орналастыру жөніндегі келісімдер қорытынды кезеңге жетті.
Е-9 визасы
бойынша да өзбекстандық жұмысшылар үшін бірқатар жеңілдіктер жасалуда. Атап
айтқанда, жұмыс орнын ауыстыру үшін Миграция агенттігінің өкілеттігінен арнайы рұқсат алу талабы алынып тасталды.
Бұдан бөлек,
Миграция агенттігі өткізетін тестілеу биылдан бастап тәжірибелік-сынақ
тәртібінде Білім және біліктілікті бағалау агенттігі тарапынан жүргізілуде.